- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана тұрғыны адам...
Астана тұрғыны адам өлтірдім деп полицияға жалған хабарлама берген
Астана тұрғыны адам өлтірдім деп полицияға жалған хабарлама берген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сағат 20:02-де "102" нөміріне ер адам хабарласып, Талғар көшесіндегі дүкенде жігітке пышақ жарақатын салғаны туралы айтқан. Ол қызметкерлерді жедел келуін сұрап, жараланған адамның ес-түссіз жатқанын, қаза болғанын айтқан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен, бірақ мәйіт туралы хабарлама расталмаған.
Дүкен сатушысы мұндай ештеңе болмағанын айтқан. Дүкеннен шыққаннан кейін патруль полиция қызметкерлері өтініш берушінің нөмірін теріп, жақын маңайдан қоңырауға жауап берген ер адамды байқайды. Тексеру барысында бұл "әзілдеген" мас ер адам екені анықталды. Полиция қызметкерлері қаланың 31 жастағы тұрғыны бұрын осыған ұқсас бұзушылық үшін жауапқа тартылғанын анықтады.
Бұрнағы жылы да учаскелік инспекторлар оны полиция бөліміне жеткізген. Ол кезде ер адам "102" нөміріне қоңырау шалып, ғимаратқа бомба салынғанын хабарлаған.
Ер адам қайталап бұзушылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 АЕК (207 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, құқықбұзушымен мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы профилактика әңгімесі жүргізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек