- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана тұрғыны 500...
Астана тұрғыны 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін туысын өлтірткізбек болған
Астана тұрғыны 57 жастағы әйелдің 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін оны өлтірткізбек болған. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кісі өлтіруге тапсырыс беруші өзінің танысы арқылы "орындаушымен" мәміле жасасып, оған 10 миллион теңге бермек болған, оның бір миллион теңгесін алдын ала төлеген. Сонымен бірге жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған.
Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
"Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысқандардың бәрі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені белгілі болды. Жәбірленуші оған биылғы ақпанда 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген.
Өзге деректер тергеу мүддесін сай жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан