- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана тұрғындарының 50...
Астана тұрғындарының 50 пайыздан астамы автобуста жол ақысын төлемейді
Астана ішіндегі автобустарда жолаушылардың 50 пайыздан астамы жол ақысын төлемейді. Бұл туралы елордадағы №1 автобус паркiнің басқарма төрағасы Медет Шақаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол басты проблемалардың бірі жол ақысын төлемейтін жолашылар екенін мәлімдеді.
"CTS компаниясының зерттеуіне сүйенсек, валидация бойынша өсім ең төмен деңгейде, яғни 51 пайыз шамасында. Ал кейбір бағдарларда 64 пайыз екенін көрсетті. Осы зерттеуден жолаушылардың кем дегенде 50 пайызы жол ақысын төлемейтінін байқаймыз. Бұл тұрғыда біз жалақы төлеу, автобустарға қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармай сатып алуда шығынға ұшыраймыз", - деді кәсіпорын жетекшісі.
Қала тұрғындарын жол ақысын төлеуге шақырған Шақаев бұл ахуал саланы дамытуға кедергі келтіретінін атап өтті.
"100 адам тасымалдасақ, соның жартысы жол ақысын төлемейді. Десе де, елордадағы автобустарда жол ақысы тарифін көтеру қарастырылып жатқан жоқ", - деді жауапты маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алғабек