Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 500 теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Мұндай төлем қазанның екінші жексенбісіне белгіленген Мүгедектігі бар адамдар күніне орай беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік көмек елордада тіркелген мүгедектігі бар адамдарға арналған. Төлем мөлшері мүгедектік тобына байланысты.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес төлем мөлшері мынадай болады:
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында бар мәлімет негізінде автоматты түрде төленеді.
Ережеге сәйкес біржолғы әлеуметтік көмек күнтізбелік жылда бір рет және бір негіз бойынша тағайындалады. Яғни азамат 2026 жылы басқа негіз бойынша біржолғы әлеуметтік көмек алып қойған болса, Мүгедектігі бар адамдар күніне орай оған қайта ақша төленбейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!