Қазан айының басында Астана үстел теннисінен Азия біріншілігін қабылдайды. Қазақстан аталған спорт түрінен құрлық додасын тұңғыш рет өткізгелі отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Азия чемпионаты спортшылар деңгейі мен бәсекелестік жағынан әлем біріншілігінен кем түспейді. Оның үстіне, әлемдік спортта сары құрлық өкілдері үстемдік танытады.
Мысалы, 2023 жылғы әлем чемпионатында жүлдегерлер үштігі тек азиялықтардан құралды: Қытай бірінші, Оңтүстік Корея екінші, Жапония үшінші орын иеленді (ӘЧ тарихында Қытай жалпы есепте алда келеді)
1952 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Азия біріншілігінде (алдымен TTFA, кейін АТТU ұйымдастырды) қытайлықтар жалпы есебі 135 алтын, 84 күміс және 108 қола медаль еншілеген. Екінші орында келе жатқан Жапония қоржынында 18 алтын, 24 күміс және 71 қола медаль бар. Қазақстан спортшылары Азия біріншілігінде бірде-бір рет тұғырға көтерілген жоқ.
Алдағы Азия чемпионатында 26 елден барлығы 210 спортшы өнер көрсетеді. Атап айтар болсақ, Бахрейн, Гонконг, Үндістан, Иордания, Иран, Йемен, Катар, Қытай, Қытайлық Тайпей, КХДР, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Таиланд, Өзбекстан, Филиппин, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея
Қазақстан астанасында жүлдеге таласатын әлемдік жұлдыздар санында шек жоқ. Ерлер арасында комадалық сында Токио және Париж Олимпиадаларында чемпион атанған Ван Чуцин (Қытай), командалық сында екі дүркін әлем чемпионы Лянь Цзинкунь (Қытай), командалық сында үш дүркін әлем чемпионы Линь Гаоюань (Қытай), командалық сында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Томоказу Харимото (Жапония) Астанада бақ сынайды. Сондай-ақ жұптық сында әлемнің күміс жүлдегері Чан У Джин (Оңтүстік Корея) үздіктерге бәселекес болмақ.
Әйелдер арасында командалық сында Токио және Париж Олимпиадасының чемпионы Сунь Инша, екі дүркін Олимпиада чемпионы Ван Манюй (екеуі де - Қытай), Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Хина Хайата (Жапония), Олимпиаданың күміс жүлдегері Мива Харимото (Жапония), командалық және аралас жұптық сында Олимпиаданың қола жүлдгері Шин Юбин (Оңтүстік Корея) жүлдеге таласады.
Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Біздің команданың басты үздігі – Париж Олимпиадасында 1/8 айналымға дейін жетіп, тоғызыншы орын иеленген Кирилл Герасименко. Ол Париж ойындарында Еуропа чемпионы Дан Цюден 1:3 есебімен ұтылып жатып, кейін 4:3 есебімен жеңген болатын.
Ал Алан Құрманғалиев - жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері.
Анастасия Лаврова Токио Олимпиадасында бақ сынаған.
Азия чемпионаты 6-13 қазан күндері Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтеді. Кіру тегін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз