Астана тағы да көшелер көлік қозғалысы үшін жабылады

Астана тағы да көшелер көлік қозғалысы үшін жабылады
Фото: depositphotos.com

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты 8-9 шілдеде Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.

 

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан