- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана су қоймасында...
Астана су қоймасында бір үйдің төрт адамы cуға батып кетті
Фото:
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті
Астана су қоймасында бір үйдің төрт адамы батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан екі шақырым жерде болған.
"Оқиға куәгерлері 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың мәйіттерін тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның мәйітін іздеу жұмыстарын Ақмола облысымен Астана төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жүргізіп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиғаның суға түсуге тыйым салынған жерде болған.
Облыстың төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан