“Астана Су арнасының” басшысы ең таза су қай өңірлерде екенін айтты (видео)

“Астана Су арнасының” басшысы Табиғат Қабденұлының айтуынша, таулы өлкенің суы таза әрі дәмді болады екен. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы tiktok арнасында мәлімдеді.

Ол кісі ТОП үштікті де атап өтті.

Табиғат Қабденұлының айтуынша, ең таза су жағынан Шымкент қаласы көш бастап тұр. Екінші орында Алматы қаласы. Үздік үштікке Өскемен қаласы енген. 

"Себебі бұл өңірдегі су таулы, жер асты сулары. Жалпы жер асты сулары таза, дәмді болады. Ал жер бетіндегі, қоймалардағы суды тазарту үшін химиялық регенттер қолданады. Сондықтан су сапасын жоғалтады", - дейді “Астана Су арнасының” басшысы.

@laila_sultankyzy

♬ оригинальный звук - Laila Sultankyzy