Астана соты Әсел Досаеваға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жуырда судья мас күйде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
"Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде ерекше құқықтық мәртебеге ие. Алайда бұл мәртебе оларды құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы материалдар Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға жолданды. Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары сот кеңесіне ұсыныс енгізеді", - деп жазылған хабарламада.
Тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, судьяларды іріктеу, тағайындау және қызметтен босату мәселелері дербес мемлекеттік орган - Жоғары сот кеңесінің құзыретіне жатады.
"Тексеріс жүргізіліп жатыр. Судья заң мен қызметтік міндетін бұзса, заң талаптарына сәйкес жазаланады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік айдап ұсталды деген ақпарат тарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова