Астана сотының сайтын әлдекімдер бұзып, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты ақпарат жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана қалалық сотының ресми сайтын бұзылуына байланысты 10 минут бұрын Г.Сатыбалдыға қатысты ақпарат жарияланған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Нақты ақпаратты алу үшін Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Астана сотының ресми сайтында Гүлмира Сатылбалдағы қатысты үкім өзгеріссіз қалды деген ақпарат жарияланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!