- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана Сирияның мәселесін...
Астана Сирияның мәселесін қалай шешіп беріп жатыр? Сарапшы жауап берді
Таяу Шығыс сарапшысы Ақмарал Баталова Астана процесі Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін қандай үлес қосқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ең бастысы - нәтиже бар. Соғыстың белсенді кезеңі тоқтатылды және мыңдаған адам аман қалды. Бұл Астана процесінің ең маңызды нәтижелерінің бірі. Бұған бірнеше тараптардың Сирия жеріне деэскалация құруының арқасында жеттік. Келісім 2017 жылы мамыр айында жасалған болатын. Тағы бір маңызды фактор бұл келісімдер - Ұлттық келісім процесіне жол ашты. Сирия кризисі кезеңінде, нақтырақ 2017 жылы Астана процесі алғашқы рет соғысып жатқан тараптардың басын бір үстелге қосты. Бір-бірімен қақтығысып жүрген Сирия билігінің делегациясы мен Сирияның қарулы оппозициялық күші маңызды келіссөздер жүргізді", - деді сарапшы.
Оның айтуынша, Астана процесі аймақтағы ахуалды келіссөздер арқылы шешуге болатынын көрсетті.
"Бізді Түркия, Сирия және Иран секілді елдердің делегацияларының бір-бірімен сыйластығы қуантады. Әлемдегі ахуалды және жалпы жағдайды бағамдасақ, Астана процесі көпке үлгі беріп отыр. Астана процесі - кез келген келіссөздерді жүргізуге алаң ұсына алады", - деді Баталова.
Баталова "Астана форматы жұмысын тоқтата ма?" деген сұраққа жауап берді.
"Әрине, бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Бұл шешім неге байланысты қабылданғанын білмеймін. Өйткені оның себебі айтылған жоқ. Меніңше, бұл бір шенеуніктің ықпалы немесе сырттағы күштердің әсерінен болды. Өйткені сол мәлімдеме жасалған кезде Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанда болмаған еді", - дейді ол.
Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz