Астана – Шымкент бағытындағы пойызда тұсау кесер рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Айжұлдыздың тұсауын Астана – Шымкент бағытындағы №85 пойыздың бастығы Сәуле Қыдырәлиева қиды.
Қыздың ата-анасы Сүйеніш Сейсембаев пен Мөлдір Оразбай баласының тұсауын кесу үшін пойызды бекер таңдамаған, өйткені отбасының екі ұрпағы көп жыл бойы теміржол саласында еңбек еткен.
Жас ата-ананың екі қызы бар.
Шараның бастамашысы жолаушылар вагонының жолсерігі Диана Бимбетова болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз