- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана-Шымкент бағытындағы пойызда...
Астана-Шымкент бағытындағы пойызда бейәдеп әрекет жасаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Астана-Шымкент бағытындағы пойызда белгісіз еркек әйелдің вагонына кіріп маструбация жасаған. Видео әлеуметтік желіде кең тарап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі оқиға 4 мамыр күні болған. "Шымкент-Астана" бағытындағы пойызға арнайы қызметкерлер шақыртылған. Жолаушы белгісіз адамның қорлық көрсетіп, тиіскенін айтып, шағымданған.
"Қарағанды стансасына полиция қызметкерлері шақырылды. Қарағанды стансасына келген соң аталған жолаушыны полиция қызметкерлері қосымша тергеу үшін пойыздан шығарды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Ішкі істер министрлігі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қарағанды - Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, - деді полиция департаменті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев