Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қаңтарда ірі жол апаттары тіркелген. Негізгі себеп - жылдамдықты сақтамау.
"Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін көлік көп жол учаскелерінде жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылданды. Соның ішінде Астана - Щучинск және Астана - Қарағанды бағыттары бойынша 3.24 "Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу" жол белгілері қойылды. Бұл көктайғақ немесе басқа да ауа райы жағдайында ғана қосылады", - деп жазылған хабарламада.
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, ауа райының нашарлауы туралы ескертулерде, сондай-ақ "Яндекс", 2GIS, Indrive және басқа да қосымшаларда жылдамдық шегі туралы ақпарат көрсетіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова