- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Автожол
Астана-Щучинск автожолында жантүршігерлік апат болды
Астана-Щучинск автожолында көліктің тежегіштердің істен шығуы салдарынан төлем терминалында жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілердің бірі төлем терминалының алдына тоқтаған, ал екінші жүк көлігі тежеу жүйесінің істен шығуына байланысты баяулай алмады. Абырой болғанда, екі жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда оқиға салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді.
"Бұл жағдай автомобильдерді техникалық тексеруден уақытылы өткізудің маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Әсіресе қыс мезгілінде темір тұлпардың тежегіш жүйесінің, шиналардың және басқа да негізгі тораптарының күйін үнемі тексеру қажет.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүргізушілерге шлагбаумдар мен төлем терминалдарының алдында сақ болуды және жылдамдықты төмендету қажеттілігін ескертеді. Әсіресе салыстырмалы тұрғыда әлдеқайда ұзақ тежеу жолын қажет ететін ауыр көлікті басқарсаңыз ерекше мұқият болыңыз", - дейді "ҚазАвтоЖол" мамандары.
Сонымен қатар ауа райының қыстағы ерекшелігін ескеру қажет. Себебі суық, көктайғақ және қар автомобильге түсетін жүктемені және жүйелердің істен шығу қаупін арттырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина