- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана іргесіндегі Жібек...
Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылын су басуы мүмкін
Бүгінде елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылына су тасқыны қаупі төніп тұр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Екі апта бұрын Жібек жолы ауылында арнайы отырыс өткіздік. Өйткені ауыл өңірдегі су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ деп есептеледі. Кездесуге Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және екі ведомство өкілі қатысты. Қала әкімі су тапшылығы бар жерде су қоймаларына су көп жиналса дейді. Алайда бұл қауіпті. Себебі жанындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Сондықтан мәселені ғылыми негізде жан-жақты зерттеп жатырмыз", - деді Марат Ахметжанов Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске салайық, бұған дейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов көктемде 10 өңірде су тасқыны қаупі сақталатынын мәлімдеген болатын.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz