- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана іргесіндегі ауылдардың...
Астана іргесіндегі ауылдардың бірінде 14 жастағы қыз өлі табылды
Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылындағы гараждан оқушы қыздың мәйіті табылды. Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қазанда болған.
"Аршалы аудандық полиция бөліміне Астана тұрғынынан 2010 жылы туған туыс әпкесінің Жібек жолы ауылындағы үйдің гаражында өз-өзіне қол жұмсағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, Қазақстанда бірнеше сенім телефоны жұмыс істеп тұр, оларға қоңырау шалып, психологиялық көмек алуға болады.
Алматыдағы Психологиялық денсаулық орталығының сенім телефоны. Телефон нөмірлері: 1303, +7 708 983 28 63 және +7 727 376 56 60. Күндіз де, түнде де кез келген уақытта көмек пен кеңес сұрауға болады.
24/7 жұмыс істейтін мемлекеттік байланыс орталығы. Телефон нөмірі – 111.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан