Астана полициясы кинотеатрдағы сатушы қызды тепкен адамның аты-жөнін атады

Астана полициясы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрдың дәмханасындағы сатушы қызды тепкен ер адамның аты-жөнін атады.

ІІД мәліметінше, Астананың 22 жастағы тұрғыны Тұрагелдиев К.-ның айтарлықтай себебі болмаса да жәбірленуші азаматшаға қатысты бұзақылық жасап, дене жарақатын салғаны анықталды. 

"Тұрагелдиевке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті Тұрагелдиев ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядағылар.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының 14 күні Астана қаласындағы Kinopark 8 SaryArka ойын-сауық орталығында жұртты дүр сілкіндірген оқиға болған еді. Онда жігіт кинотеатрда жұмыс істейтін қызды ұрып соқты. 

Дереккөз: tengrinews