Астана полиция департаменті жалпы құны 40 миллион теңгеден асатын екі кондиционер сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алулар сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Лоттың сипаттамасынан келесідей, Астана полиция департаменті серверлік бөлмеге 20 миллион 89 мың 285 теңге 71 тиынға екі кондиционерді (көрсетілген климаттық параметрлерді дәл ұстауға арналған тоңазытқыш қондырғы) сатып алмақшы. Осылайша, екі кондиционердің жалпы бағасы 40 миллион 178 мың 571 теңге 42 тиын болып тұр.
goszakup.gov.kz
Сондай-ақ салқындату құрылғыларын сатып алуға қаражат бюджеттен бөлінгенін көруге болады.
Өтініштерді қабылдау 31 шілдеде басталып, 15 тамызға дейін жалғасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!