- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана полицейі бір...
Астана полицейі бір әйелді босандырып алды
Фото:
Астана ІІД
Елордалық полицей Астана бекетінде әйел адамды босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 25 тамыз күні сағат 16.00 шамасында "Ауди" көлігінің жүргізушісі патрульдік полицейлерден көмек сұрайды. Ол әйелінің толғағы ұстап жатқанын, ауруханаға жетіп үлгермейтінін айтқан. Полицейлердің бірі жедел жәрдем қызметін шақырып, ол келгенге дейін әйелді өзі босандырып, нәрестінің кіндігін кеседі. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкері нәресте мен оның анасын перинаталдық орталыққа жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, әйел мен баласының жағдайы жақсы. Нәресте 3 келі салмақпен туылыпты, ал олар тікелей дәрігерлердің қарауында. Бұл әйелдің бесінші баласы екен. "Бақыт Әлімқұлов та бес баланың әкесі. Полиция қызметкері осыған дейін де бекетте бірнеше рет әйел босандырып көргенін айтқан", - деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.