- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана – Петропавл...
Астана – Петропавл тасжолындағы жол апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан екі ер адам қаза тапты, тағы үш адам, оның ішінде 17 жастағы жасөспірім жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Аққайың ауданында, Астана – Петропавл тасжолының 435-шақырымында, Ленинское ауылына жақын жерде болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia автокөлігі мен КамАЗ 54105 жүк көлігі соқтығысты, салдарынан 40 жастағы жүргізуші мен жеңіл көліктегі 39 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл көліктегі тағы 17, 19 және 62 жастағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен жедел жәрдеммен медициналық мекемелерге жеткізілді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу басталды.
"Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін хабарлады.
"17 жастағы науқас бірден көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тағы екі жәбірленушіге Аққайың аудандық ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін олар көпсалалы қалалық ауруханаға ауыстырылды", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлау.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан