Астана-Петропавл тасжолында бояу тасымалдаған жүк көлігі аударылды. Жолдағы қозғалыс шектеулі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген видеоны оқырман Tengrіnews.kz сайтының WhatsApp нөміріне жіберген.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.
"21 шілдеде Астана-Петропавл автожолында бояу тасымалдаған VOLVO маркалы жүк көлігі аударылды. Қазіргі уақытта жол қызметтері жол төсемінен бояуды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жол қозғалысы шектеулі", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!