Астана - Павлодар бағытындағы жол апатында 21 жастағы студент екі аяғынан айырылған

Астана - Павлодар бағытындағы жол апатында 21 жастағы студент екі аяғынан айырылған
Фото: "Жетінші арна"

Астана - Павлодар бағытында болған жол апатында 21 жастағы студент екі аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Hyundai Tucson көлігін басқарған 22 жастағы жүргізуші Төртқұдық ауылы маңында темір қоршауға соғылған. Бұл жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан ескерту белгілері қойылып, қозғалыс бағыты өзгерген. Телеарна мәліметінше, жүргізуші жоғары жылдамдықпен келген.

Оқиға салдарынан жарақат алған үш адамның бірі - студент. Ол екі аяғынан айырылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша Астана - Павлодар тасжолында Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі жол бойындағы металл қоршауға соқтығысқан. Оқиғаның себеп-салдары тергеу барысында анықталады", - деді облыстық ПД ресми өкілі Жанар Біләлова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget