Астана – Павлодар автожолында төрт адам құтқарылды

Астана – Павлодар автожолында төрт адам құтқарылды

Бүгін түнде құтқарушыларға Ерейментау ауданы Тамдыкөл ауданының Астана – Павлодар автожолының 159-шақырымында даладағы қар ойпатында жеңіл автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Азаматтарды эвакуациялау үшін аймақтың ТЖД жеке құрамы шақыру орнына жол жүру мүмкіндігі жоғары техникамен жіберілді.

"1954, 1955, 1961 және 1996 жылы туған төрт адам Ерейментау қаласындағы жылыту пунктіне эвакуацияланды, оларға медициналық көмек қажет болмады", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан