Астана-Павлодар автожолында екі адам көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қараша күні сағат 21.00-де Астана-Павлодар автожолында "Лада" маркалы автомашинаның жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ жүргізушісін қағып кеткен.
Бұдан кейін "Лада" автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағымен соқтығысқан.
"Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен "Лада" автомашинасының жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл көліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.
Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!