Астана орталығында негізгі қиылыстардың бірі уақытша жабылады

Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысы жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жұма, 10 шілдеде қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

"Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысындағы жол төсемін жөндеп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған байланысты 11 және 12 шілдеде бұл учаске ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру ұсынылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылмақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!