"Астана Операның" 2024 жылға жоспары қандай?

"Астана Операның" 2024 жылға жоспары қандай?
Фото: "Астана Опера" баспасөз қызметі ұсынған

"Астана Опера" директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров өзінің сұхбатында театрдың 2024 жылға арналған жоспары туралы айтып берді.

- Ғалым Алғиұлы, Қазақстандағы театр өнерінің бүгінгі жай-күйіне, әсіресе еліміздің рухани дамуын көтеру тұрғысындағы ахуалына қандай баға бересіз?

- Жалпы еліміздің өнері барлық мәдениет мекемелеріне бай әрі сан алуан шығармашылық алаң құра отырып, рухани дамуды көтеруге оң ықпал етуде деп ойлаймын. Бүгінде өзінің қызықты ұзақ жылғы тарихы бар көне театрлар – Абай атындағы театр, көптеген музыкалық-драма театрлар табысты қызмет етіп келеді. Филармониялар, хореографиялық училищелер мен академиялар жұмыс істеуде, сондықтанеліміз жалпы әлемдік ауқымда көштен кейін тұрған жоқ. Көптеген театрларға арналып жаңа ғимараттар салынып, ұжымдар белсенді шығармашылық өмір сүруде. Мәселен, "Астана Опера" –салыстырмалы түрде жас театр болғанымен, әлемдік мәдени қауымдастықта әлдеқашансұранысқа ие. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі мәдениет пен өнерді дамыту бойынша стратегиясын жүзеге асыру театрымыздың барлық маңызды жобалары болып табылады.

- "Астана Операда" 2024 жылға қандай негізгі оқиғалар мен жобалар жоспарланған?

- 2024 жылы театрымыз шетелдегі гастролдік турлар аясында тамаша қойылымдарды ұсынады. Балет труппасын Словения астанасы Люблянаға Халықаралықфестивальде өнер көрсетуге шақырды, онда ұжым А.Хачатурянның аңызға айналған "Спартак" балетін орындайды, ал опера труппасының әртістері Ресейдің Үлкен театрында өнер көрсетеді. Биыл біз П.Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару" балетінің премьерасы мен С.Мұхамеджановтың "Айсұлу", Дж.Вердидің "Риголетто" операларының премьераларын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз көптеген симфониялық және концерттік бағдарламаларды дайындаудамыз.

"Ұйқыдағы ару". Фото: "Астана Опера" баспасөз қызметі ұсынған

- "Астана Опера" театры өз қызметінде не нәрсеге басымдық береді және алдына қандай мақсаттар қояды?

- Мен үшін театр өнер туындыларын ұсынатын орын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сананы қалыптастыратын алаң болып табылады."Астана Опера"мәдени дамуға үлесін қосуда. Сондықтан біздің мақсаттарымыздың бірі – ұлттық классиканы дәріптеу, мәдени мұраны жаңа дыбыстау мен жеткізу түрлерімен байыта отырып, оны заманауи пайымдамада интерпретациялау. Бұдан бөлек, әлемдік мәдени қауымдастықтың интегралдық бөлігі болуға ұмтылып жатырмыз, ол жерде А.Жұбанов, Л.Хамидидің "Абай", Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", М.Төлебаевтың "Біржан – Сара" опералары сынды өзіміздің ұлттық классикамызды таныстыра аламыз.


"Абай" операсы. Фото: "Астана Опера" баспасөз қызметі ұсынған

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина