"Астана Опера" 2023 жылды қорытындылады

Жаңа жылдың келуіне санаулы күндер қалды. Дәстүрге сай бұл өтіп бара жатқан жылдың басты оқиғаларын еске алу үшін ең қолайлы кез. "Астана Опера" үшін 2023 жыл айтулы шараларға, премьералар менгастрольдерге толы болды.

2023 жылы "Астана Опера" сахнасында қойылған спектакльдер қатары бірнеше үздік опералармен және балеттермен толықты. Мамырда әлемге әйгілі хореографИ.Килианның классикалық биді ұнататын жандар арасында үлкен резонанс туғызған"Кіші өлім"балеті ұсынылды. Режиссер Еренбақ Тойкенов пен дирижер Руслан Баймурзин қойған Дж.Россинидің "Алжирдегі италиялық қыз" операсы репертуардың мақтанышына айналды.

"Астана Операдағы" әйгілі әрі көпшілік көптен күткен премьера романтикалық балеттің символына айналған Г.Левенскольдтың "Сильфида" балеті болды. Спектакльдің қоюшысы ретінде "Астана Опера" балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова тер төкті.

Репертуардағы 2023 жылдағы тың дүниелердің ішінде Ц.Кюидің "Етік киген мысық" опера-ертегісі де бар. Сондай-ақ өтіп бара жатқан жылда елордалық театрда алғаш рет П.Чайковскийдің "Иоланта" туындысы шырқалды. Премьералармен қатар, 2023 жылы театр сахнасында көпшілік ұнататын екі балет жаңартылды. П. де Бананың "Дала үні" мен Р.Ребектің "Бетховен – Мәңгілік – Махаббат" балеттері екінші рет өмірге келді.

2023 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен балет труппасы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық театрының сахнасында, ал опера труппасы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында зор табыспен өнер көрсетті. 71-ші жазғы Любляна фестивалі аясында балет әртістері Словенияда жарқын өнер көрсетті. Ал қазанда "Астана Опера" опера труппасы "Видеть музыку" театрлар фестивалінде Дж.Россинидің "Жібек саты" спектаклін ұсынды.

2023 жылы "Астана Опера"хоры "Хайнувка" халықаралық фестивалінде тағы да үздік деп танылды. Сонымен қатар, әртістер Варшавада қазақ музыкасының үлкен концертін беріп, поляк көрермендерінің жүрегін жаулады.

Желтоқсанда тарихта тұңғыш рет "Астана Опера"Дубайда өнер көрсетті. Қазақстандық труппаның "Дубай Опера" сахнасындағы гастролі нағыз мерекеге айналды. Г.Ф.Гендельдің"Мессия"ораториясы орындалды, ал П.Чайковскийдің "Щелкунчик"балетінің көрсетілімінде бес рет аншлаг болды.

2023 жылы "Астана Операның" бас дирижері Алан Бөрібаев Будапеште С.Прокофьевтің "Соғыс және бейбітшілік" операсының жаңа венгриялық қойылымын зор жетістікпен жүзеге асырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!