Астана "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясында" миллиондаған қаржы жымқырылған

Фото: Видео кадры

Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Астана "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражаты жүйелі түрде ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап. 

Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды.

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 миллион теңгеден асады.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
 
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әр адам кінәсіз деп есептеледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек