- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана мешітінде ақша...
Астана мешітінде ақша ұрлаған құмар ойыншы анықталды
Астана мешітінде ақша ұрлаған құмар ойыншы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Есіл ауданы полиция бөлімі ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады. Тергеу барысында ер адам қаланың сол жақ жағалауында орналасқан мешітке кешкі намазға келгені анықталды. Жуынатын бөлмеде ілініп тұрған бөтеннің күртешесі оның көзіне түскен.
"Қаскүнем қылмыстық оймен ешкім байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешенің қалтасынан 220 мың теңге қолма-қол ақшаны алып кетіп қалған. Ер адам ұрланған ақшаны ұтысқа тігіп, ұтылып қалған. Бұл дерекке қатысты ұрлық бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласының Полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, оңай қол жететін жерде ақша қалдырмауға кеңес береді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова