Қазақстанның екі бірдей ірі қаласындағы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Данияр Әлиев Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Данияр Әлиев бұған дейін Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Ал Бақыт Қайшыбеков Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бақыт Қайшыбеков бұған дейін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!