- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана мен Семейде...
Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды
Фото:
© instagram/volontery_almaty_lider.kz
Астана мен Семейде әр уақытта із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам өлі табылды. Ер адамдар өлімінің мән-жайы айтылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі LIDER.KZ еріктілерінің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Астанада 1993 жылы туған Пивачев Виталий жоғалып кетті. Ол 23 наурызда түнгі сағат 01:00 шамасында Чехов көшесіндегі үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жұмағұлов Нұрлан Талғатбекұлы 1954 жылы туған, Семейде тұратын. Ер адам 7 наурызда жоғалып кеткен. Ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Соңғы рет оны балықшылар суда көрген. 28 наурызда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек