- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Астана мен Көкшетаудағыдай":...
"Астана мен Көкшетаудағыдай": Желіде оқушылар толы мектеп дәлізінің видеосы тарады
Астана мен Көкшетаудағы жағдайдың артынша Қарағанды тұрғындары Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде оқушылар қысылып, толып тұрған дәлізді видеоға түсіріп алды. Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде мектеп-лицейдің дәлізінің видеосы тарап, желі қолданушылары арасында бұл үлкен резонанс тудырды. Оқушылардың ата-аналары видеоға оқу орнында сынып саны тым көп екенін жазған. Ал кейбіреулер мұндай жағдай тек бір мектепте болып жатпағанын айтты.
View this post on Instagram
Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі өкіді оқушы көп екенін растады. Жобалық қуаты 1200 адамдық лицейде барлығы 2999 бала оқиды. Лицейде оқу-тәрбие процесі алты күндік оқу режимімен үш ауысымда ұйымдастырылған.
"Бұл жағдай 12 қыркүйекте 18:35-те екінші ауысымның алтыншы сабағынан кейін киім ауыстыратын бөлме маңында болды. Киім ауыстыратын бөлменің кіреберісінде кезекші әкімші мен мұғалімдер болды. Кезекшілер жағдайды реттеді. Осындай жағдайдың алдын алу үшін қосымша шара қабылданды. Бұл мектепте жыл басынан бері күн, ауысым, рекреация, асхана және үзіліс үшін арнайы кезекші мұғалімдер мен әкімшілер бар. Сонымен қатар, ауысым бойынша сынып жетекшілер кезекші болады. Оқушылар тек үзіліс кезінде ғана кезекшілік етеді", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілі.
Сондай-ақ, ведомство оқу орны аумағында мектеп-лицей сыйымдылығын үлкейту үшін әр ауысымда 300 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып жатқанын айтты. Кендала шағынауданында тағы бір жаңа мектептің құрылысы басталған. Осы екі нысан пайдалануға берілген кезде Алтынсарин атындағы мектеп-лицей екі ауысымды оқуға көшеді.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетау мектебінің бірінде осыған ұқсас жағдай видеоға түсіп қалған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жануарлар жер сілкінісі болатынын алдын ала сезе ме?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә