18 мамырда Астана мен Алматыда жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада 18 мамырда – құбылмалы бұлтты болады, жаңбыр, найзағай, күндіз нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнгі ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +15…+17°C жылы болады.
19 мамыр, дүйсенбіде – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C.
20 мамырда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C жылы.
Алматыда 18 мамыр – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнгі және күндізгі ауа температурасы +23…+25°C.
19 мамыр – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.
20 мамыр – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.
Шымкентте 18–20 мамыр аралығында – құбылмалы бұлтты ауа райы, түнде қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Түнгі температура +18…+20°C, күндізгі температура +32°C дейін жылы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан