Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде — 20, 21 және 22 маусымда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана
20 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Шығыс бағыттан жел соғады: түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
21 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.
22 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Алматы
20 маусымда көшпелі бұлтты болады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады: жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін ыстық болады.
21 маусымда көшпелі бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
22 маусымда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz