Синоптиктер Астана мен Алматыда 23–25 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
23 шілдеде елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан: түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін жылынады.
24 шілдеде синоптиктер құбылмалы бұлтты ауа райын болжайды. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 26-28 градус жылы.
25 шілдеде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз қысқа мерзімді жауын-шашын мен найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы болжамы
23 шілдеде Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз қатты ыстық — 35-37 градус.
24 шілдеде мегаполисте құбылмалы бұлтты ауа райы, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы.
25 шілдеде қайтадан жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз қатты ыстық — 34-36 градус.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет