Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана

10 тамызда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 градус жылы.

11 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.

12 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 градус жылы.

Алматы

10 тамызда Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 31-33 градус жылы.

11 тамызда өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.

12 тамызда  таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!