Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
14 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
15 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.
16 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
14 маусымда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соққан жел 3-8, жел екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы.
15 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.
16 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!