Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"6 мамырда Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 6, 7, 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. 6-8 мамыр аралығында еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ та жауады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!