Астана мектебіндегі жанжал: полиция мұғалімнің үстінен іс қозғады

Астана полициясы көптеген шағымнан кейін мектеп мұғалімінің үстінен қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде видео тарады, оның авторлары Астанадағы №32 мектептің тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға ұятсыз хабарламалар жазғанын айтқан. Мұны білген ата-аналар мектеп басшылығына шағымданған.

Астана білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұғалім мектепте осы жылы 2 қыркүйектен бастап жұмыс істейді, қазір ол сынақ мерзімінде.

"Мектептің тәртіптік комиссиясының 30 қыркүйектегі шешімімен педагог Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағы бойынша "Тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар" жасағаны үшін жұмыстан босатылды", – деп хабарлады департамент.

Бұл факті бойынша Астана полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!