Астанада 7-шақырылымдағы мәслихаттың жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке "Астана су арнасының" бас директоры қызметін атқаратын 50 жастағы Табиғат Зейнұлқабден келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Табиғат Зейнұлқабден 1974 жылы 3 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылында дүниеге келген.
1988 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті "экономист-менеджер" мамандығы, 2002 жылы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек қызметі:
Amanat партиясының мүшесі. 2023 жылғы 29 наурызда VIII шақырылымдағы Астана мәслихатының депутаты болып сайланды. Астана мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Еске салайық, бұған дейін Ерлан Каналимов Астана мәслихатының төрағасы қызметінен кеткенін хабарлаған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз