6 шілде - Қазақстанның бас қаласы Астананың туған күні. Мерекеге орай Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінен қала аумағы қалай өзгергенін сұрады.
Қазір Астана қаласының ауданы 79 733 гектар болады. Елорда бес әкімшілік ауданнан тұрады: "Алматы" - 15 471 гектар, "Байқоныр" - 18 129 гектар, "Есіл" - 20 022 гектар, "Нұра" - 19 336 гектар; "Сарыарқа" - 6 775 гектар.
Астана қаласының мемлекеттік жер кадастрының деректеріне сүйенсек, елорданың әкімшілік-аумақтық шекарасы үш рет өзгерген. Елорда аумағына Ақмола облысының кейбір аудандарының жерлері қосылған.
"ҚР Президентінің "Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" 2000 жылғы 8 тамыздағы №432 жарлығымен қала шегіне жалпы ауданы 45 195 гектар болатын, Ақмола облысының Целиноград және Шортанды аудандары жерлерінің бөліктері енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
"ҚР Президентінің "Астана қаласы мен Ақмола облысының шекараларын өзгерту туралы" 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 479 жарлығымен қала мен облыстың шекаралары олардың аумақтарының жалпы алаңын өзгертпей, 17,1 гектар көлемінде жер алмасу есебінен түзетілді", - деп жазылған хабарламада.
"ҚР Президентінің "Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы №418 жарлығымен қала шегіне Ақмола облысы Целиноград ауданы жерінің жалпы ауданы 8 719 гектар болатын бөліктері енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!