Астана маңындағы өрт видеоға түсіп қалды

Ақмола облысында дала өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт болып жатқан жерден қою түтін көтерілген.

"Ақмола облысы Талапкер ауылына қарай дала өртеніп жатыр", - деп жазды желідегілердің бірі.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті құрғақ шөп жанып жатқанын хабарлады. Қазір өрт сөндіріліп жатыр.

Айта кетейік, бұл бүгін өңірде тіркелген бірінші өрт емес. Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 8 қыркүйекте Ақмола облысы Ақбұлақ орман шаруашылығы аумағында орман өрті тіркелгенін хабарлаған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!