Астана маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Астана маңында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Видео кадры

Астана - Петропавл тасжолының 97-шақырымында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, тағы сегіз адам түрлі жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 10 тамызда болған. Ақмола облысы Полиция департаменті мәліметінше, тасжолда Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы қаза тапты, осы көліктің жеті жолаушысы және ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді", - деді полиция.

Mercedes-Benz жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget