Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астана маңындағы Ақмолаға қарасты елді мекендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, облысқа Астана қаласының төңірегінде 46 ауылды мекен кіреді.
"Ресми мәлімет 180 мың адам тұрады, ал нақтырақ айтсақ 300 мыңнан асады. Өйткені бұрын шағын ғана болған ауылдардың көлемі қазір аудандармен теңесіп кетті. Мәселен, Қоянды ауылы - 40 мың, Жібек жолы - 30 мың астам және Талапкерде 30 мыңнан астам адам тұрады. Қосшыда ресми санақ бойынша 52 мың адам, ал негізі 100 мыңнан асып кеткен", - деді облыс басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.
Әкім халық саны бойынша арнайы талдау жүргізгенін айтады.
"Өңір халқын телефон нөмірлері арқылы сарапта жүргіздік, нәтижесінде 214 мың азамат бары анықталды. Яғни біздің азаматтар күндіз Астанада түнде Ақмолада түнейді. Оны тоқтату үшін арнайы жоспарларымыз бар. Ең бастысы бүгінгі "Агломерация туралы" заңды пайдаланып, үкіметке қаулы дайындап жатырмыз. Астана әкімдігімен бірге жұмыс істейтін боламыз. Оның ішіндегі 300 іс-шарада су, жарық, жылу мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ ол жерлерге жақсы мектеп, емхана, дене шынықтыру орталықтары керек", - деді Ахметжанов.
Ахметжановтың айтуынша, Қосшы қаласында мұндай жұмыстар басталып кетті.
Жеке инвестицияның арқасында жаңа мектеп салынды. Құны - 7,5 млрд теңге. Ондай мектептер Қазақстанда аз. Енді ол жерге жеке инвестиция көзінен қоғамдық орталық салынып жатыр, оның құны - 9,5 млрд. Біздің ұсынып отырған Үкімет қаулымызда осы ұсыныстар бар, - дейді ол.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!