Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қаңтар айында Қазақстанның Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы үкімет қаулысына қол қойған болатын.
Қаулыға сәйкес, 2017 жылы 1 шілде (сенбі) күнгі демалыс – 2017 жылғы 7 шілде (жұма) жұмаға ауыстырылды. Демек, қазақстандықтар Астана күнінде 6 шілдеден бастап, 9 шілдеге дейін төрт күн демалады.