Астана күнінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Астана күнінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астана күніне байланысты 7 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 шілде - кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күні халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget