- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана күні қалай...
Астана күні қалай тойланады?
6 шілде - Астана күні. Астанада Елорда күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарламалар, фестивальдар, спорттық турнирлер және т.б. жоспарланған.
31 тамыз мен 3 шілде аралығында қандай шаралар өтеді?
31 тамызға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері сағат 14:00-ден бастап қалалық алаңда, орталық жағалауда (Есіл өзені), Орталық саябақта (амфитеатрға қарама-қарсы), "Жерұйық" саябағында, "Жетісу" саябағында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық ұжымдардың қойылымдары, флешмобтар қамтылып, Creative summer жазғы жобасы өтеді.
3 шілдеде сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Асыл мұра" мерекелік концерті өтеді. Оған өнер қайраткерлері мен еліміздің танымал шығармашылық ұжымдары қатысады. Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева және басқа да әртістер өнер көрсетеді.
5 шілде мен 8 шілде аралығында қандай шаралар өтеді?
5 шілдеде сағат 19:00-де Амфитеатрда "Аялаған Астана" гала-концерті өтеді.
5 шілдеде сағат 15:00-де "Жастар" театрында "Байрағы биік байтағым" ақындар арасындағы республикалық мүшайра байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
5 шілдеде сағат 11:00-де Жазушылар аллеясында "KITAPHANA FEST-2024" кітап фестивалі өтеді. Кіру тегін. Фестиваль үш негізгі блоктан тұрады - кітап жәрмеңкесі, білім беру бағдарламасы және балалар мен отбасыларға арналған бағдарлама.
5-7 шілде аралығында елордада "Театральная Еуразия" I Халықаралық көше театрларының фестивалі өтеді. Іс-шараға Эстония, Польша, Мәскеу және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістері қатысады.
6-7 шілдеде сағат 12:00-де халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябақта аяқталады.
6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО алаңында Open air ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T'OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді.
6 шілдеде сағат 11:00-де және сағат 15:00-де қала шетінде тұрғын алаптарында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған "Астана – жүрегім" концерті өтеді. Мерекелік іс-шарада Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет және Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және басқа да жұлдыздар өнер көрсетеді.
6 шілдеде сағат 20:00-де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен "Астана – арман қала" мерекелік концерті өтеді. Іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахымқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ, DJ Dake және "ALEM" заманауи би балеті қатысады.
6, 7 және 8 шілдеде сағат 12:00-ден бастап қала қонақтары мен тұрғындары үшін Орталық саябақта "Mereke street" жазғы жобасы жұмыс істейді. Бұл шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы кинотеатры бар - отбасылық демалыс фестивалі.
7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі, "Made in KZ" тобы, Ибрагим Ескендір және "Алтын домбыра" балалар шығармашылық орталығы, "Assyl" тобы, Qalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.
8 шілдеде "Жастар" сарайында сағат 19:00-де Астана мен Нусантара бауырлас қалалар күнін мерекелеу құрметіне бірлескен мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада Қазақстан мен Индонезияның дарынды әртістерінің дәстүрлі музыкасы мен билері орындалады.
Елорда күніне ауқымды спорттық іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде ең үлкені - "Жасайбер, жайна Астанам!", "Толағай" республикалық турнирі, ат жарыс, "Елорда кубогы" бәйгесі, "Ел жүрегі – Астана!" секілді шаралар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова