Астана қаласы әкімдігі елорда күні қалай атап өтілетінін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған.
"Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін", - деп жазылған елорда әкімдігі хабарламасында.
Сонымен қатар, 6 шілде - Астана күніне орай дрон шоуы ұйымдастырылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен жасалады.
"26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық тұрғыда ұшырылады. Соңғы суретті елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілдеде ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады", - деп жазылған мәліметте.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!