Жолдың Қалқаман көшесінен Қараөткел көпіріне дейінгі бөлігі жартылай жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Қалқаман көшесінен "Қараөткел" көпіріне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, 12-18 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз